Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған автобус жүргізушісі қамауға алынды


Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол екі айға тұтқындалды.
Жүргізушінің үстінен жол ережесін бұзып, адам өліміне себеп болды деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Егер айыбы дəлелденсе ол он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Шымкенттен Ресейге кетіп бара жатқан автобус алтыншы сəуір күні таңертең Ақтөбе-Орал тас жолында Аңқаты өзені үстіндегі көпірде аударылған болатын.  Салондағы 64 жолаушының 23-і жарақат алды.  Оның екеуі ауыр халде жатыр.  Өзбекстанның төрт азаматы қайтыс болды.