Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда тұрған 37 мектеп бар

Облыстық білім беру басқармасының мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылы облыстық бюджеттен бұл мектептерді күрделі жөндеуге 275 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, облыстың Қазтал және Сырым аудандарында үш мектеп ғимаратын салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді деп межеленген-тұғын. Алайда, бұл қаржы республикалық бюджетте қарастырылмай қалды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовтың шешімімен аталмыш мектеп ғимараттары шетелдік инвестиция есебінен 2004-жылы салынатын болды.
Қазір Батыс Қазақстан облысында 600 мектеп бар.