Батыс Қазақстан облысында Астрахань облысының экономика және мәденет күндері өтеді

Осыған орай Батыс Қазақстан облысына Астрахань облысының губернаторы Анатолий Гужвин бастаған ресми өкілдер келмекші. Сапар аясында губернатор Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовпен кездеседі. Жүздесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан және Астрахань облыстары өкілдерінің кең ауқымды кездесуі де жоспарланған.

Күндер аясында іскерлік байланыстар биржасы ұйымдастырылып, "Металлист", "Оралагромашжөндеу" ААҚ мен Оралдағы Ресей консулдық қызметіне бару межеленген.
2003-жылы Батыс Қазақстан және Астрахань облыстары арасындағы тауар айналымы 460,3 мың долларды құрады. Батыс Қазақстан облысынан Астраханьға шығарылатын экспорт құрылымында қара металл мен одан жасалған өнімдер, тоқыма бұйымдар және жиҺаз басым. Астрахань облысы Батыс Қазақстанға жер, су және әуе транспорты құралдары мен химия өнеркәсібі өнімдерін шығарады.