Caravan Logo

Батыс Қазақстан облысында автокөлік пен отарбаның соқтығысуы салдарынан екі адам жараланды

Батыс Қазақстан облысында автокөлік пен отарбаның соқтығысуы салдарынан екі адам жараланды

Апат Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында Пепел-Қазақстан теміржол өткелегінің 1405-ші шақырымында болды. Шойын жолдың үстіне шығып кеткен "Газель" автокөлігінің жүргізушісі қала маңында қатынайтын Шыңғырлау-Орал бағытындағы отарбамен соқтығысып қалды. Апат салдарынан автокөліктің 32 жастағы жүргізушісі мен 52 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Апатқа байланысты аталмыш бағыттағы отарбалар қозғалысы 2 сағатқа тоқтап қалды.