ТЖМ ақпаратына сәйкес, 9 қазанда Батыс Қазақстан Агротехникалық университетінің оқу мақсатындағы ауылшаруашылығы алаңында Азамат соғысы дәуіріне жататын ұзындығы 300 мм, ал диаметрі 72 мм-лік артиллериялық снаряд табылды.
"Снаряд табылған жерді ҚР ІІМ-нің "Арлан" арнаулы қызметінің мамандары келгенге дейін Зачаган АІІБ-ның қызметкерлері қоршауға алды", - деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті