Батыс Қазақстан облысында белгісіз заттан улану салдарынан екі адам қайтыс болды

Төтенше жағдай 23-ақпанда болған. Зардап шеккен екі адам ауыр жағдайда Ақсай аудандық ауруханасына жеткізілген. Екеуі де аталмыш ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Әзірге мамандардың улану себебін анықтауы мүмкін болмай отыр. Эпидемиологтардың мәліметтерәне сүйенсек, зертханалық зерттеу нәтижесі ішек індетін анықтап отыр, ал қосымша жүргізілген токсикологиялық зерттеулер, өлімнің химиялық затпен улану салдарынан келгенін көрсетіп отыр. Алдын-ала жасалған болжамдар бойынша, бұл спирт денатураты болуы мүмкін.

Бөрілі аудандық прокуратурасы аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті