Батыс Қазақстан облысында болған дауыл 800 млн теңгенің шығынын келтірді - әкім

"Махамбет ауданына дауыл келтірген шығын көлемі 800 млн теңгені құрайды", -деді әкім.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28 мамырда Махамбет ауданында 30 минутқа жуық жаңбырға қоса дауыл соқты. Желдің күшімен 200 ғимараттың, соның ішінде үйлер, мектептер мен әкімшілік ғимараттардың шатыры жұлынған. Сондай-ақ, зілзала электр жалғастыру желілерінің бетон бағандарын құлатып, газ қамтамасыздығы мен телефон кабелі жүйелерін зақымдаған. Сонымен бірге, желден жуырда пайдалануға берілуге тіис әлеуметтік нысандар зардап шекті.

Қуанышқа қарай адам шығыны болған жоқ, билік зардап шеккендерге көмек көрсетуде.