Оның айтуынша, бұл мақсатқа бюджеттен 35 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ, малдың жұқпалы ауруларының алдын алу мақсатына 36,2 млн. теңге бөлінді. Бұл қолда бар малды сауықтыру шараларын қолдануға мүмкіндік береді. "Эпизоотиялық ауруларға қарсы күрес " бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен 62,7 млн. теңге бөлу қарастырылған болатын, алайда, шын мәнінде 40,8 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржының 19,7 млн. теңгесі іс жүзінде игерілді. Бөлінген қаржы жыл соңына дейін толыққанды игеріледі деп күтілуде.