Батыс Қазақстан облысында бруцеллезбен күрес шараларына 15 млн. теңге бөлінді

Қазақстан бойынша 18 елдімекен бруцеллез ошағына саналса, олардың 9-ы Батыс Қазақстан облысында орналасқан.

Бруцеллез дертінің әсіресе қой мен ешкі арасында кеңінен таралуы мамандардың алаңдаушылығын тудырып отыр. 2003-жылы адамдардың бруцеллез жұқтыру оқиғасы 14 мәрте тіркелген.
Қазір облыстық мал дәрігерлік станция мамандары бруцеллез дертінен сақтану үшін қолданылатын препараттың дозасына қатысты наразылық білдіуде. Дәрінің 1 ампуласы 500 басты малға есептелген. Алайда, шаруашылықтың барлығында бірдей осыншама мал санала бермейді. Препарат ашылғаннан кейін 4 сағаттың ішінде пайдаланылуы тиіс болғандықтан, көп жағдайда дәрі босқа рәсуа болып, кейде тіпті жетіспей жатады. Мал дәрігерлерінің пайымдауынша, вакцинаның бір ампуласы 20 дозадан аспауы тиіс. Бруцеллез дертімен күрес шаралары биылғы жылдың мамыр айында басталады деп күтілуде.