Батыс Қазақстан облысында 14 шілде, дүйсенбіден бастап электр қуатының бағасы 28%-ға көтерілді. Тұтынушылар енді бір киловатт электр қуаты үшін 6,30 теңге төлейді, бұл бұрынғы бағадан 1,38 теңге артық.
"Бағаның көтерілуі Ресейден алатын электр қуатының қымбаттауына байланысты, сондай-ақ, Орал ЖЭО-ның жұмыс істеуіне қажетті Қарашығанақ газының қымбаттауына да қатысы бар", -деді облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті төрағасының орынбасары Елена Билялиева.