Оның айтуынша, облыс электр қуатын беруші Ресей мен Karachaganak Petroleum Operating B. V. (KPO) компаниясына 387 млн теңге берешек болған. Қарыздың негізгі бөлігі - 337 млн теңге - КPО алдындағы қарыз. Мұндай жағдай жеткізіліп тұрған электр қуаты көлемінің күрт төмендеуіне және тұтынушыларға жіберілетін электр қуатының тарифінің артуына себепкер болады, деп мәлімдеді Б. Ізмұхамбетов.
Ол сондай-ақ, бұл қарыздың Ресейдің электр энергиясы мен Оралдың жылу электр станциясында ток өндіру үшін қажетті Қарашығанақ газының күрт қымбаттауынан туындағанын жеткізді.
"Ресейден келетін электр қуаты 37 пайызға жоғарылады. Қарашығанақтан жеткізілетін газ құны 29,75 теңгеден 38 теңгеге, яғни, 30 пайызға өсті", - деп атап көрсетті Б. Ізмұхамбетов.