Caravan Logo

Батыс Қазақстан облысында екі зейнеткерді өлтіру оқиғасы орын алды

Батыс Қазақстан облысында екі зейнеткерді өлтіру оқиғасы орын алды

ІІБ-ның ақпаратына сәйкес, қылмыс Чапово ауылында болған. Таңертеңгі сағат 8-де 63 жастағы зейнеткер әйел мен оның жұбайының қанға боялған мәйіті өз үйлерінен табылды. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер тобы қылмысқа күдікті 1984-жылы туған жігітті тұтқындады. Осы өңірде тұратын күдіктінің қолынан кісі өлтіру құралы болып табылатын балта, пышақ және қан жұққан киімдер тәркіленді.

Аталмыш оқиға бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды.