Caravan Logo

Батыс Қазақстан облысында ер адам өз ұлын пышақтап өлтірді

Батыс Қазақстан облысында ер адам өз ұлын пышақтап өлтірді

65 жастағы ер адам мен оның 42 жастағы ұлының арасында жанжал туындап, ер адам баласын басы мен мойнынан пышақтаған. Алған жарақатынан ұлы сол жерде көз жұмды.

Облыстық полиция департаменті мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.