Батыс Қазақстан облысында газ турбинасы станциясының құрылысы аяқталысымен электр қуатының бағасын ұстап тұруға мүмкіндік туады

"Қуаты 40 - 50 МВт болатын газ турбиналық электр станциясының құрылысы аяқталысымен электр қуатының бағасын айтарлықтай дәрежеде ұстап тұруға мүмкіндік туады. Бұл басқарылатын баға болады", - деді Б. Ізмұхамбетов.

Газ турбиналық станцияның құрылысы 2009 жылдың І жартысында аяқталады деп жоспарланып отыр. Станцияға газды Чинарев кен орнынан "ЖайықМұнай" компаниясы жеткізетін болады.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы электр қуатының көп бөлігін Ресейден сатып алады.