Батыс Қазақстан облысында ірі қара малдан күйдіргі анықталды

ТЖМ мәліметінше, "ауырған сиыр өртеу арқылы жойылып, көмілді. Вакцина егу үшін 8 топ құрылып, оған 8 мал дәрігері мен 16 жұмысшы қамтылды. Дезинфекциялық тосқауылдары бар, тәулік бойы жұмыс істейтін 2 пост құрылды".

Сонымен бірге, "санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық тексерулер жүргізіліп, ауырған малдың иесінің қорасында 196 шаршы метр аумақта механикалық тазарту және дезинфекциялау жүргізілді".

"Малды иммунизациялау үшін вакцинаның 17 150 дозасы алынды. Малға клиникалық тексеру жүргізу үшін қора-жайларды аралау жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлайды министрліктегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті