Батыс Қазақстан облысында "КамАЗ" көлігінен мұнай ағу зардаптары жойылды

"11 қыркүйек күнгі 9 сағаттағы жағдаймен төтенше жағдайдың зардаптарын жою жұмыстары аяқталды. Ластанған топырақ жиналып, одан әрі пайдалы жарату үшін "Амрита" ЖШС аумағына жіберілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеме ақпаратына сәйкес, жол маңындағы ластанған аумақтың алаңы 25 шаршы метрді құрады. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға "Амрита" ЖШС -нің 2 бригадасы мен 4 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті