Батыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген алдын-ала диагнозбен 5 адам ауруханаға жатқызылды

Министрлік ақпаратына сәйкес, Жәнібек ауданы Таловка ауылының бес тұрғыны ауылдық ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат аудан әкімінің аппаратынан 23-тамызда келіп түскен. 24-тамызға қараған түні науқастар аудандық ауруханаға жеткізіліп, оқшауланды.

Ауылда сондай-ақ бес ірі қара малдың өлу оқиғасы тіркелді.
Қазіргі жағдаймен төтенше оқиға орнына обаға қарсы күрес станциясы мен мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының өкілдері жіберілді. Ауру шыққан және науқастар жатқан жерді Батыс Қазақстан облыстық полициясы күзетке алды.