Caravan Logo

Батыс Қазақстан облысында күйеуін өлтірткен әйелді 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Батыс Қазақстан облысында  күйеуін өлтірткен  әйелді 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Қасақана кісі өлтіру шарасын ұйымдастырған әйелмен бірге тағы екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмысты тікелей жүзеге асырған әйелдің інісі 16 жылға, ал қылмыс туралы біле тұра жасырған куәгер 9 айға бас бостандығынан айрылды.

Сот барысында анықталғанындай, оқиға ерлі-зайыпты жұптың арасындағы кикілжің салдарынан орын алған. Әйелдің ұйымдастыруымен қылмысты жүзеге асырған оның інісі туған жездесін 10 жерінен пышақтап өлтірген.