Ауылшаруашылығы департаментінің мәліметіне сәйкес, биыл 63 мың гектардан күздік бидай жиналады.
Алайда, мамандардың айтуынша, "биылғы түсімнің сапасы сын көтермейді". Астықтың таза салмағы төмен, желімтік қасиеті де оңып тұрған жоқ. Сонымен бірге астық құрамында қоспалар концентрациясы жоғары. Өйткені биыл егістік алқаптарының басым бөлігі бидай қоңызының шабуылына ұшырады. Осыған байланысты биылғы күздік бидайдың шығымдылығы бесінші класқа жатқызылды.
15-шілдеден бастап Желаев астық қабылдау комбинаты жаңа түсімді қабылдай бастады. Қазір жаңа түсім Зеленовский, Сырым және Теректі аудандарында қабылдануда. Желаев астық қабылдау комбинаты астықтың 1 тоннасын 12 мың теңгеге қабылдауда.