"Мен оны қазеттен шеттеткен жоқпын, ол өз міндетін атқара береді. Мен министрге ол адал адам деген өз пікірімді білдірдім",- деді баспасөз мәслихатында Р.Өзбекқалиев.
Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы өткен аптада ҚР Қылмыстық кодексінің мемлекеттік құпияны жария ету жөніндегі 172-бабы, қызмет бабындағы өкілеттілігін асыра пайдалану жөніндегі 307-бабына сәйкес қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды. Ол Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің уақытша тергеу абақтысына қамалып, үш күннен кейін прокуратура оны тұтқындауға негіз таппағандықтан, санкция беруден бас тартуға байланысты қамаудан босатылған.
Қазір Батыс Қазақстан облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығының үстінен қозғалған қылмыстық іс тексеріліп жатыр. Тергеу органдары әзірге оны қызметтен шеттету туралы талап қойған жоқ.
Есентай Әбдікәрімов кәсіпкер Мұхтар Хамзинге қатысты қылмыстық істі тексеруде.
Еске сала кетейік, М.Хамзин 2006-жылдың 1-қарашасында тұтқындалған. Оған 2004-жылы полиция қызмепткерін соққыға жықты деген айып тағылуда.
Райымхан Өзбекқалиевтің хабарлауынша, Мұхтар Хамзинге қатысты қылмыстық іс қазір "аяқталу сатысында". "Бір аптаның ішінде немесе он күнде іс сотқа жолданады. Қодда бар дәлелдерге сонда баға беріледі",- деді ІІД-нің төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті