Батыс Қазақстан облысында Мұхит Мералиев атындағы қоғамдық қор құрылды

Қордың басты мақсаты XIX-ғасырдағы танымал қазақ сазгері, әнші, ақын әрі күйші М.Мералиевтен қалған мәдени-тарихи ән мұрасын сақтап дамыту болмақ.

Қор сондай-ақ, М.Мералиевтің шығармашылығын танып зерттеуге ықпалдастық жасап, қолдау көрсетеді. Сазгер ақынның мұрасына арналған түрлі мәдени шаралар өткізу де жоспарда бар.