Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының әкімі жол апатынан зардап шекті

Полицияның ақпаратына сәйкес, Орал қаласы әкімінің автокөлігі 83 жастағы зейнеткер айдаған "Фольксваген-Гольф" автокөлігімен соғысып қалды.

Апат салдарынан Орал қаласының әкімінің кеудесі, жүрегі мен бүйрегіне зақым келіп, басынан жарақаттанды. "Фольксваген-Гольф" автокөлігінің жүргізушісі де түрлі жарақаттар алды. Ал әкімнің жұмыс көлігін айдайтын жүргізуші аман қалған.

Полицияның ақпаратына сәйкес, жол апатына "Фольксваген-Гольф" автокөлігінің жүргізушісі себепкер, ол бұрылыста көлігін басқара алмай қалған.

Зардап шеккен екі адам да облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті