Батыс Қазақстан облысында өзеннің түбінен 22 жәшік калашников автоматының оқтары табылды

Оқтарды Зеленовский ауданының Новенькое ауылындағы орта мектеп оқушылары тауып алған. Артынан өзеннің терең тұсында жатқан тағы 6 жәшік оқ шықты.

Полиция ақпаратына сәйкес, 5,45 мм-лік оқтар Калашников автоматына арналған. Оқтардың дәрісі жоқ болып шықты. Жалпы алғанда Шаған өзенінің түбінен 1991-жылы жасалған 21 507 оқ табылды.
Қазір тәртіп сақшылары оқтардың қайдан әкелінгенін және оның елді мекеннің іргесіндегі өзеннің түбіне қалай түскенін анықтап жатыр.