Батыс Қазақстан облысында пара алғаны үшін кеден қызметкері тұтқындалды

Кеден қызметкері Ресей-Қазақстан шекарасы арқылы тиісті құжаттарды рәсімдемей жүк өткізіп бергені үшін 8 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен қолға түсті. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оперативті қызметкерлердің айтуынша, белгілі мөлшерде пара беру арқылы кедендік шекарадан кедергісіз өту оқиғалары жүйелі сипатқа көшті. Алайда, қылмыскерлерді ұстауға ұдайы мүмкіндік туа бермейді.