Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ газ өңдеу зауытының қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалауға арналған қоғамдық тыңдау өтті

Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу және оны пайдаланудың қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау жұмысын "Қазэкология" Республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығы" ЖШС жүзеге асырды.

"Қазэкология" ЖШС-нің бас директоры Николай Поповтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, аталмыш мәселеге қатысты бұқара көзқарасын анықтау үшін осындай тыңдаудың маңызы зор, бірақ ең бастысы ол ҚР экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінен экологиялық сараптамаға оң баға алу үшін айрықша қажет.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов "Нефтеконсалтинг" ЖАҚ-ның өкілдеріне газ өңдеу зауыты тікелей салынатын Бөрілі ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізуді ұсынды.