Батыс Қазақстан облысында қатты желден ондаған үй жарықсыз қалды


"Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" қалалық филиалының бастығы Сергей Доляның Азаттыққа айтуынша, үзілген электр желілері мен сымдарын қайта жалғап, қосу жұмыстары ертең аяқталуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында 29 мамырға қараған түні дауылды ескерту жасалған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, желдің жылдамдығы секіндына 22 метрге дейін жеткен. Желден Оралда ондаған ағаш құлаған.