Батыс Қазақстан облысында қос полицей пара алу үстінде қолға түсті

Құқық қорғау орындарындағы ақпарат көзінің айтуынша, оларды қаржы полициясы қызметкерлері сенбі күні 200 мың теңге пара алу барысында қолға түсірген.

Күдіктілер тергеу изоляторына тоғытылды.