Батыс Қазақстан облысында құйын салдарынан үйлер бүлінді, адамдар арасында да зардап шеккендер бар

30-мамыр күні 20 сағатта Оралда бас-аяғы 5 минуттың ішінде жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен құйын тұрды. Құйыннан құлап қалған ағаштар электр жалғастыру желілері мен төмен қысымды газ магистральдарын бүлдірді. 15 автокөлік пен 25 жеке меншік үй бүлінді.

Облыстық клиникалық ауруханаға басынан жараланып, бүйрегі соғылған 4 адам түсті.
Орал әуежайында құйын АН-2 ұшағы мен МИ-8 тікұшағын аударып әкетсе, әкімшілік ғимараттардың шатыры жұлынды.
Төтенше жағдайдың зардабын жоюға 232 адам мен 47 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 58 адамы мен 12 техникасы тартылды. Құйыннан келген шығын көлемін анықтайтын комиссия құрылды.