Батыс Қазақстан облысында Ресейден контрабандалық жолмен дәрі-дәрмек әкелу оқиғасына тосқауыл қойылды

Тауар халықаралық жүк тасымалы ұйымының айыру белгісі бар жүк көлігіне тиеліп Ресейден жеткізілген көрінеді. Алайда, соңынан белгілі болғанындай, жүктің де, автокөліктің де аталмыш халықаралық ұйымға қатысы болмай шықты.

Тасымалданушы дәрі-дәрмектің иесі әзірге анықталған жоқ. Автокөлік жүргізушісі тергеу барысында жүктің иесін білмейтіндігін жеткізген. Батыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінен хабарлағанындай, контрабандалық жүктің иесі табылмаған жағдайда ол мемлекеттік кіріс пайдасына тәркіленуі мүмкін.
Контрабандалық әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі тергеу құқығы қаржы полициясы департаментінің құзырына берілді.