"Орынбор облысының Черниговка ауылында шошқалар үшін аса қауіпті індет - африкалық доңыз обасының ошағы пайда болды, ал осы ауыл Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданының шекарасынан 150 шақырым жерде орналасқан", - деді А. Хайретдинов.
Оның айтуынша, шошқалардың алғашқы тобы обадан 17 маусымда өлген, мал иесі - фермердің мал дәрігеріне уақытында хабар бермеуінен жұқпалы ауруды шоғырландыру мүмкін болмай, ауру көршілес шошқа фермасына қарай ойысқан. Бүгінгі жағдаймен 112 шошқа шығынға ұшырады.
Облыстың бас мал дәрігерінің айтуынша, БҚО облысы үшін қауіп үлкен, өйткені, шекаралас Бөрілі, Зеленовский және Тасқала аудандарының аумағында шошқа түлігінің негізгі бөлігі шоғырланған.
"Республиканың бас санитарлық инспекторынан ескерту алғаннан кейін біз Ресеймен арадағы шекаралық өткелдерді шұғыл жауып, аэровокзал мен темір жол бекетіне ескерту хаттары жіберілді. Облыстық кеден және шекара қызметіне хабарланды. Шошқа жаппай өсірілетін аудандарда ауыл халқын жинап, жағдай түсіндірілуде. Батыс Қазақстан облысында шоқа етін сату мен оны союға тыйым салынды", -деді А. Хайретдинов.