Оның айтуынша, бұқара алдында "Орал Су Арнасы" ҚКК, "Батыс Қазақстан АЭК", "Жайықтеплоэнерго" есеп берді. Кәсіпорын өкілдері құрал-жабдықтың ескіруі және шығындар көлемінің ұлғаюына қатысты үлкен қиындықтарға душар болып отырғанын жеткізді. Мәселен, "Орал Су Арнасының" су қамтамасыздығы қызметі үшін нақты шығыны былтыр 11231,2 мың теңгені құрады, яғни, тарифтік сметада қарастырылғаннан 3,7% артық. Бұл электр құнының қымбаттауы, ЖЭО-ыннан сатып алатын су көлемінің ұлғаюы, амортизациялық аударымдардың ұлғаюынан болған. Нәтижесінде, су қамтамасыздығы қызметінің өзіндік құны іс жүзінде 1 текше метрі үшін 29,13 теңге болған, бұл бекітілген тарифтен 2,7% артық.
Сонымен бірге, Е. Билялиеваның айтуынша, 2007 жылы кәріз желілерінде 151 апат болған, соның салдарынан жөндеуге жұмсалған шығындар 4804,2 мың теңгеге өсті.