Облыстық СЭС-тің ақпаратына сәйкес, биыл қоғамдағы әлеуметтік аз қорғалған топтар "Флюарикс" деп аталатын жаңа препаратпен егіледі. Оның қорғаныстық әсері бір аптадан кейін басталады. Вакцина егу науқаны қараша айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігерлердің мәліметі бойынша, барлығы 40 мың доза вакцина сатып алу үшін 27 млн. теңге бөлу қажет.