Батыс Қазақстан облысында жалақы берешегі 300 млн. теңгеден асады

Статбасқарма хабарламасына сәйкес, мерзімі өткен жалақы берешегінің 91,8% -і Оралдық кәсіпорындар мен ұйымдардың, 3,6%-і Бөрлі ауданының, 1,1%-і Зеленовский ауданының үлесінде. Облыстың басқа аудандарында жалақы берешегі жоқ.

Ал жалақы берешегін экономикалық салалар бойынша қарастырсақ, мерзімі өткен жалақы берешегінің 89,4 проценті өнеркәсіптің, 4,4 проценті ауылшаруашылығының үлесінде.