Сөйтіп, бұған дейін облыстық сәулет және құрылыс басқармасының бастығы болған Ғайса Қапақов Зеленовский ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қазтал ауданының әкімі болып облыстық білім беру басқармасының бастығының бұрынғы орынбасары Мәлік Құлшар тағайындалды.
Орал қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат жөніндегі орынбасары лауазымына Аманжол Зинулин тағайындалды. Ол бұған дейін "Еділ Жайық" компаниясы директорлары кеңесінің төрағасы, "Бекарыс" ЖШС-нің директоры болған.
Облыстық сәулет және құрылыс басқармасының бастығы орынтағына бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының төрағасы болған Александр Маючий жайғасты. Ол сондай-ақ бұған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.
Бұған қоса Батыс Қазақстан облысы әкімінің қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары Марат Әбдірахманов қызметінен босатылды.