Батыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы мекемелердің 365 актісі күшін жойды

Осы орайда облыстық прокурор жергілікті мемлекеттік мекемелердің прокурор қарсылығын қанағаттандырудан себепсіз бас тартатынын атап көрсетті.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында прокурорлар әртүрлі деңгейдегі әкімдердің 28 шешімін, сондай-ақ, кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін бақылаушы органдардың 33 шешімін қуатсыз еткен. Ә.Кәрімнің айтуынша, Бөрлі аудандық прокурорының талабымен аталмыш аудан әкімінің азаматтардың конституциялық құқығын аяқ асты ететін 31 актісі күшін жойған.