Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып, бұрғылаудан қалған зиянды қалдық жолға төгілді


Орал-Кирсаново тас жолында «МАЗ» көлігі апатқа ұшырап, жолдың шетіне ауып қалған, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Салдарынан көлік шанағындағы зиянды қалдық жолға төгілді. Машина бұрғылау кезінде шыққан қалдықты тасымалдаумен айналысатын «СТН» компаниясына тиесілі.
Қазір аталған факті тексеріліп, апат себептері анықталып жатыр.