Батыс Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындыққа арнап бөлінген қаржының 66 проценті ғана игерілді



Әкімшіліктегілердің атап көрсетуінше, облыс әлі күнге қыс маусымына дайын емес.
Мәселен, Оралдағы 1141 көп қабатты үйдің 113-і ғана жылыту маусымына дайын деген төлқұжатқа ие болды.
"Жайықжылуэнергиясы" АҚ жылу трассаларын әлі жөндеп бітірген жоқ. Жылу желілерінің 72 процентіның тозығы жеткен. Оларды ауыстыруға 2 млрд. теңге керек. Өз кезегінде коммуналдық кәсіпорын басшылары коммуналдық төлем бойынша берешектердің өсіп бара жатқанына сілтеме жасайды. Осындай жайт қысқа дайындықты күрделілендіріп отыр дейді олар.
Ауылдық аудандарға отын жеткізу жұмысы әлі аяқталмаған. Ауылдық елді мекендердегі үйлерді жылытуға қажетті 35 мың тонна көмірдің 10 мың тоннасы ғана жеткізілген. Ал қажетті 4,5 мың тонна сұйық отынның 256 тоннасы ғана жеткізілген. Облыстың бес ауданына отын жеткізу жұмыстары басталған жоқ.
Облыс басшылығы қысқа дайындық жұмыстарын 1-қазаға дейін аяқтауға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті