Батыс Қазақстан облысындағы дәрігерлік мекемелерде дәрі-дәрмектерді сақтау талаптарын бұзу оқиғалары жиілеп кетті

Фармакологиялық бақылау комитетінің бөлім мамандарының мәліметіне жүгінсек, 2003-жылғы 57 дәріхана мекемесі мен дәрігерлік ұйымдарда жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша, әсіресе ірі медициналық мекемелерде талап бұзу көріністері жиі кездескен. Мәселен, "Талап" АҚ-да жылуға төзбейтін дәрі-дәрмектерді сақтау тәртібі бұзылған. Аталмыш акционерлік қоғамның №2 дәріханасындағы дәрілер фармакологиялық тобына және қолданылу жолына қарай бөле-жара сақталмай келген. Сондай-ақ, "Талап" АҚ үш түрлі тіркелмеген, жеті түрлі сертификатталмаған дәрілік заттарды ауруханалардың жатқызып емдейтін бөлімдеріне таратып жіберген.

Тергеу қорытындысы бойынша, үш материал топтамасы фискалдық мекемелерге жіберілді. Жалпы айыппұл мөлшері 54064 теңгені құрады.
Сондай-ақ, өткен жылы дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 27 нысанға тексеру жүргізілді. Олардың алтауы лицензиясыз жұмыс істесе, кейбір мекемелердің қызметкерлерінде арнайы фармацевтикалық білім болмаған.