Батыс Қазақстан облысындағы Қайрат-Мұратсай-Сайхин газ құбыры жылдың аяғына дейін салынып бітеді

Бақтықожа Ізмұхамбетов газ құбырының салыну қарқынына қанағаттанғандық білдірді. Жаңа жылда Сайхин кентіне газ жеткізіледі, деді ол.

Әкімнің айтуынша, Қарашығанақ -Ақсай-Орал газ құбырының құрылысы да кесте бойында жүргізілуде. Бұл жоба келісі жылы толық аяқталады. Нәтижесінде Сырым ауданының Жамбыты кентіне дейін көгілдір отын жеткізілмек.