Батыс Қазақстан облысындағы жалпы тәртіпті абақтыда ашық есік күндігі өтті

РУ 170/2 санды жалпы тәртіпті абақты мекемесінің бастығы Дүйсен Дәулетбаевтың айтуынша, абақтының 46 жылдық тарихында бұл осындай тұңғыш оқиға. Пенитенциарлық жүйені ізгіліктендіру шараларының аясында өткізілген аталмыш күндік нәтижесінде қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен қамаудағылардың туыс-туғандары түрме тарихында тұңғыш рет ондағылардың хал-ахуалымен көзбе-көз танысты.