Батыс Қазақстан облысының 2003-жылғы бюджетіне 1,5 млрд. теңге түспей қалды

Оның түсініктемесіне жүгінсек, бұл қаржыны облыс бағалы қағаздар шығару арқылы облыстың даму бюджетіне қаржы рыногынан қарыздану есебінен алуды жоспарлаған болатын. Алайда, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі облысқа өз бағалы қағазын шығаруға рұқсат бермеген. Оның себебі түсіндірілген жоқ.

Осындай өзгертулердің салдарынан Батыс Қазақстан облыстық бюджетінің түсімдері бұрынғы жоспарланған 25,033 млрд. теңгенің орнына 23,479 млрд. теңгені құрады. Осыған байланысты мәслихаттың соңғы сессиясында биылғы бюджетті азайту туралы шешім қабылданды.