"Біріншіден, мен ешқашан тендер мәселелеріне ықпалымды жүргізген емеспін. Бұл менің функциям емес. Екіншіден, қазір өңірде жетінші ықшамауданда 75 пәтерлі ипотекалық үйді салып жатқан біреуінен басқа Атырау компаниялары жоқ. Бірақ ол мен келмей тұрып болған компания", -деп мәлімдеді Б. Ізмұхамбетов.
"Ал Шалқар маңындағы демалыс аймағын жайластыру мәселесіне келсек, онда ешбір тендер жүргізілген жоқ. Мен көл маңындағы аумақты жайластыру жұмысымен айналысуды шетелдік инвесторларға да, жергілікті бизнесмендерге де ұсындым, бірақ ниет білдірген ешкім болған жоқ. Сол себепті қазір онда Атырау компаниясы жұмыс істеп жатыр. Осынау күрделі жобамен жұмыс істеуге тәуекел еткен компанияға, ол қай жақтан келмесін, мен тыйым сала алмаймын", -деді әкім.
Оның айтуынша, қазір жергілікті бір де құрылыс компаниясы қарап отырған жоқ. "Бірақ, сонымен бірге, баршамыз - қазақстандықтармыз, өзіміздің туған жерімізде отырмыз және бізді оралдықтар, атыраулықтар деп жік-жікке бөлу жұмсарта айтсақ, жамандық болар еді. Мен тағы бір атап өтейін, өзім бизнес жүргізуге құлқым болған емес, болмайды да. Өзіммен бірге ешкімді алып келген жоқпән және әкелмеймін", - деді Б. Ізмұхамбетов.