"Украина президенті Виктор Ющенконың жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі Б. Ізмұхамбетов Украинаның ІІІ дәрежелі "Еңбегі үшін" орденімен марапатталды", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.
Әкімшілік ақпаратына сүйенсек, Б. Ізмұхамбетов Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде үкіметаралық комиссия төрағасы ретіндегі жұмысы кезінде Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың нығаюына қосқан зор үлесі, сондай-ақ, Украинадағы Қазақстан жылын атап өтуге тікелей атсалысқаны үшін наградаға ие болды.