"Облыста ауылшаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатуға өте жақсы перспектива бар. Облыс әкімі осында біз байланыс орната алатын салаларды атап көрсетті", - деді А. Саджанхар. Екі жақ мәдениет саласындағы ынтымақтастықтан да мүдделі. "Әкім біздің бишілер мен йогтарды осында келіп тұрғындар үшін мастер -кластар өткізуге шақырды",- деді ол.