"7-маусымдағы жағдаймен кесел жұқтырған тағы 59 ірі қара анықталып, жойылды. Сөйтіп, жойылған малдың жалпы саны 339-ға жетті",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта ауылда 222 мал қорада дезинфекциялау шаралары жүргізіліп жатыр. Індеттің тікелей ошағында 7 мыңнан астам үй жануарына, қауіп төнген бағыттарда 40 мыңнан астам малға вакцина егілді.
Бұрын хабарлағанымыздай, аусыл дертінің таралуына байланысты Лубенка аулында карантин жарияланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті