"Азық-түлік корпорациясы " ҰК" АҚ ресми түрде мәлімдегеніндей, Батыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қорынан өңдеу кәсіпорындарына берілген 4310 тың тонна бидай бұдан бұрын облыс әкімдігімен келісілген баға бойынша сатылуда", - деп атап өтті хабарламада компания қызметкерлері.
"Сонымен қатар, бұдан бұрын әкімдіктермен жасалған келісімдер бойынша республиканың облыстық тұрақтандыру қорларындағы бидай бағасы ұлғайтылмайды және болашақта құнды өзгерту мәселесі қарастырылмайды", - деп мәлімдеді " Азық-түлік корпорациясы " ҰК"АҚ.
Бұдан бұрын бірқатар аймақтың БАҚ Батыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қорындағы бидайдың сатылу құны көтерілді деген ақпарат таратқан болатын".