Батыс Қазақстан прокуратурасы ауруханада көз жұмған сотталушының өлімін тергеуде


Басылым берген мәлімет бойынша, ер адамның туыстары қамалушы жазасын өткеріп жатқан Ру-170/2 колониясы әкімшілігін салғырттығы үшін айыптайды. Олардың пікірінше, Погодаевқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген. Облыстық прокуратура хабарлағандай, арнайы прокурор қайтыс болған қамалушының анасы берген деректерді тексеріп, колониядағы медициналық көмек көрсету сапасына баға беріледі.