Батыс Қазақстан тұрғыны жеткіншектерді есірткі пайдалануға итермелегені үшін 16 жылға сотталды


Ол қатаң режімді түзеу колониясына 16 жылға кесілді, деп бүгін облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сонымен қатар, сотталған адамның мүлкі тәркіленеді.
Іс материалына сәйкес, ер адам үйінде каннабис сығындысын әзірлеп, жасөспірімдерге ұсынған. Олар бас тартқанына қарамастан, ол жеткіншектерді есірткі пайдалануға көндіріп отырған.