Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында екі адам суға батып кетті

ТЖМ мәліметінше, 19 мамырда сағат 15.00-те Қамысты (БҚО) ауылында насосты станцияның су құбырлы бассейнінде бір адам суға батып кетті. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, адамның мәйітін судан құтқару қызметінің мамандары судан шығарып алды.

Сонымен бірге, 20 мамырда 18 сағат 01 минутта Жезқазғанда (Қарағанды облысы) Кеңгір су қоймасында бір адам жүзіп жүріп суға батып кетті. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, адамның мәйітін судан құтқару қызметінің мамандары судан шығарып алды.