Батыс Қазақстанда 16 жастағы қыз 3 күннен бері табылмай жатыр

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Қарақия ауданы, Құрық ауылының тұрғыны Айман Тілегенова 2017 жылдың 20 ақпанында үйінен шамамен 16:00 кезінде шығып кеткен.

Ол үстіне қыстық ақ-сары түсті күртеше киіп, жолағы бар ақ-сары түсті бас киім киген. Аяғына қоңыр түсті аяқ киімі мен қара шалбары болған.

Айман Тілегенованың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына телефондарға хабарласса болады: 8 (72937) 2 11 02, 2 13 80